Патриотты? ?н бай?ауыны? сценарий

Қазіргі заман жағдайында студент жастардың  патриоттық сезімдерін

қалыптастыру ерекшеліктері

 

Қабылбекова З.Б. – п.ғ.д., профессор, Досжанова Ж.Т. – магистрант, аға оқытушы

М.Ауезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Шымкент қ.

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас Қолбасшысы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасында бірінші болып ұлттық қауіпсіздік тұратыны бәрімізгі мәлім. Осы орайда студент жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру дегеніміз - оларды саяси моральдық-психологиялық жағынан егемен елін қорғауға дайындау. Бұл дайындықтың негізгі бағыттары:

-          еліміздегі Қарулы Күштерге деген қамқорлық, «Әскери қызмет және әскери міндет» туралы, еліміздің қорғаныс қабілеті туралы т.б. заңдар мен қаулы - қаралардың мазмұны мен мақсатын түсіндіру;

- жастарды саяси қырағылыққа, қазіргі кезеңдегі соғыстың ерекшеліктерін түсіндіре отырып олардың Отанын қорғау ісіндегі міндеттерін дұрыс түсіндіруге тәрбиелеу;

- аға ұрпақ өкілдерінің ерлік істерін насихаттау, ерлік пен жанқиярлықтың мәнін түсіндіріп, олардан үлгі алып, мақтан тұтынуға баулу;

-   қазіргі кезеңге лайықты саяси-моральдық, психологиялық қасиеттерді дарыту;

-   алғашқы әскери және әскери - техникалық білім алуды қамтамасыз ету;

- әскери патриоттық тәрбиені жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізгі бөлімі деп қарастырып, оны басқа да тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланыста жүргізу;

- патриоттық тәрбиені студенттердің білімі мен іс-тәжірибесіне, жеке қасиеттері мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып түрлендіре жүргізу;

- патриоттық тәрбиені саяси,  адамгершілік,  еңбексүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу;

- патриоттық тәрбиеде студенттердің бастамалық, т.б. ұсыныс талап тілектеріне көңіл бөліп ескеру қажет.

Ал пән аралық байланысқа келетін болса, теориялық сабақтар ішінде «Тарих» пәні бірінші кезекте болады. Практикалық сабақтардан әрине «Дене шынықтыру» сабағы есептеледі. Сабақтан тыс әскери-патриоттық жұмыстар мектеп ұжымымен бірлесіп атқарылғанда ғана нәтижелі  болады, сонымен қатар  барлық курс студенттері қамтылып, тіпті бастауыш курстарда патриоттық тақырыптарға ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өткізіледі. әсіресе, студенттердің әнұранды айтулары, егемендігіміздің нышандары болып табылатын Мемлекеттік рәміздердің авторларын, олардың гералдика заңдылықтары бойынша нені білдіріп айшықтайтынын білулеріне баса назар аударамыз.

Студенттердің патриоттық сезімдерін дамыту үрдісінің күрделігі мен өзіне тән ерекшеліктері бар екендігіне байланысты, оларды педагогикалық процестің алғашқы күндерінен бастап өзіндік жұмыстарына қатыстыру қажеттігі туындайды. Бұл тұрғыда әртүрлі кездесулер мен батыр аталар мен аналардың өмір жолын дәріптеу, ардагерлер мен соғыс мүгедектеріне ұдайы қамқорлық жасау, әртүрлі патриоттық тақырыптарға байқаулар өткізумен спорттық бағыттағы ойындар мен жарыстардың маңызы ерекше зор. Бұл жұмыстар барлық аспектілерде, патриоттық тәрбие туралы ғылымның барлық салаларында жүргізілуі тиіс.

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында жастарды адамгершілік, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мен қатар дене дайындығы жоғары маңызға ие және дене сапаларын дамытып жетілуіне дәстүрлі ұлттық ойындар шешуші міндет атқарған. Ондай ойындардың қатарына: ат спорт ойындары мен қатар жаяу жарыс, жаяу аударыспақ, қол күрестіру, патриотты??н бай?ауыны? сценарий кірдің тасын сығымдау және дәстүрлі ұлттық күрес өнерін айрықша атап айтуға болады.

Ұлттық ойындар ұрпақ тәрбиелеуде тигізетін пайдасын халқымыз ертеден-ақ білген. Ұлттық ойындар жүгіріп, күш сынасып ойналатын болғандықтан, өкпенің жұмыс қабілеттілігін арттырып, дененің барлық мүшесін шынықтырып жас ағзаның дұрыс шынығуын, сұлу мүсінді, сымбатты тұлға болып өсуін реттейді. Тұлға мықты, денесі шымыр, ширақ әрі епті болуы үшін ұлттық ойындар арқылы түрлі-түрлі дене шынықтыру әдістерін қалыптастырған.

Патриоттық тәрбие жұмыстарының мәні мен мақсаты және оны ұйымдастырудағы педагогикалық талаптардың мәні - дене шынықтыру мен спортты қоғамдық әсер етудің анағұрлым белсенді тәсілдері адамның рухани қабілетін қалыптастыру арқылы патриоттық тәрбиенің жан-жақты жарасымды дамуына ықпал ету болып отыр. Тәрбиенің кез келген түрі жалпы қоғамдық мәдениеттің құрамына енеді. Дене шынықтыру дене тәрбиесінің арнайы әдістемелерін жасау ісінде тәрбие жетістіктерінің жиынтығын көрсете отырып, жалпы ұйымдастыру түрлерінің мәліметтері арқылы белгіленеді.Осыған байланысты дене шынықтыру студенттерге патриоттық тәрбие беруде ұлттық және интернационалдық қатынас мәселелерін дамытуда үлкен маңызға ие.

Қазақ этнопедагогикасының мол тарихын ескере отырып ұлттық сананы қалыптастыруда, жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие жұмысында патриоттық қаһармандық ерлік дәстүрінің негізгі элементтерін, оның ішінде патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі ерлік және жауынгерлік тәрбие мазмұнын жан-жақты қамти отырып, кеңінен енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Қазақстан Республикасы әскери доктринасы мен әскери құрылыс тұжырымдамасында «Патриоттық тұрғыда тәрбие беруді жақсартуға бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеу қажет» деген ұсынысын негізге алып, халқымыздың ерлік және жауынгерлікке байланысты бай мұрасын зерделей отырып «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты факультативтік курс бағдарламасын жасауды жөн көрдік.

Халық батыры Б.Момышұлы «Бұрындары жасалған ерліктерді сыйламай, қадірлемей тұрып, жаңа ерлікке шақыру берекешілік» - деп атап көрсеткендей студенттерді ата-баба дәстүрі бойынша ерлік рухта тәрбиелей отырып олардың бойына намыс, парыз, ұлттық сана және жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер, жаппай нарықтық қатынасқа көшу, ғылыми-техникалық даму үрдісі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің алдына жаңа талаптар қойды. Оның негізгі себебі, студенттерге  патриоттық тәрбие берудегі ұлттық ерекшеліктер ескерілмеді. Осы мақсатқа жету үшін Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім проблемалары институтының Этнопедагогика және тәрбие лабораториясында соңғы жылдары жарық көрген Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы, сияқты т.б. Сондай-ақ тәрбие теориясы бойынша жазылған еңбектер Ә.Айтауов, А.М.Бакаев, Ю.С.Васютин, С.Ешімханов, А.А.Калюжный, К.Ж.Қожахметова, С.А.Ұзақбаева, В.П.Сазонов, И.Ф. Харламов  еңбектеріне сүйенеміз.

Студенттерді патриотизмге және интернационализмге баулуда қазақтың халық педагогикасын пайдалану - жаңа деңгейге көтерудің бір тиімді жолы. Ол - факультативтік курстардың қызметін жандандыру. Оның мүмкіндіктері мол екені баршаға мәлім.

«Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасының мақсаты: ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық дәстүрлер, ата салтқа, туған өлке, жерге, тілге, Отанға-деген сүйіспеншілігін, Отан алдындағы әскери міндетін атқаруға психологиялық, моральдық дайындықтарын қалыптастыру. Студенттердің бойында жауынгерлік біліммен дәстүр арқылы ерлікке баулуда төмендегідей міндеттерді негізге алдық.

- этнопедагогика ұстанымдарын пайдалана отырып, студенттердің бойындағы ұлттық сана - сезім, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұранына деген құрметін қалыптастыру;

- ғылымға, білімге деген ықыласын арттыру, өмірлік мақсаттарын айқындауға, жеке бастың қасиеттерін қалыптастыруға көмектесу;

- жат қылықтарға қарсы төзбеушілік және құқықтық қасиеттерді меңгерту;

- студенттердің спорттық мүмкіндіктеріне байланысты дене шынықтыру түрлеріне бейімдеу;

- студенттер қазақ этнопедагогикасы құндылықтарын меңгеріп және жауынгерлік тарихын, жауынгерлік дәстүрімен таныса отырып, елін, жерін қорғайтын және ұлттық бірлікті, бейбітшілікті нығайта алатын азамат тәрбиелеу.

Мұндай бағдарламада студенттерді отансүйгіштікке қазақстандық интернационализмге баулудың негізгі тірегі патриоттық тәрбие дәстүрін студенттер болмысына ендіру іс-әрекетін ұйымдастырудан бастаған жөн. Бұл мәселені шешу үшін біріншіден, педагогикалық талаптарды ескере отырып тұжырымды бағдарламалар, оқулықтар, оқу-құралдары, әдістемелік нұсқаулар жасау қажет. Мұның өзі студенттердің ұлттық патриотизмінің таңдаулы үлгілерін адамгершілік, азаматтық (патриотизм және интернационализм-адамгершілік тәрбиесінің бір саласы) білімдерін дамытуға жәрдемдеседі. Екіншіден, оқу материалына зәру болып жүрген студенттерге бұл мәселені дұрыс жүзеге асыруда көмектесіп, бағыт-бағдар береді. Үшіншіден, қазақстандық патриотизмге және интернационализмге баулудың белгілі бір саласынан жасалған мұндай дидактикалық кешен халықтық мәдени дәстүрді, тарихи кезеңдерді, әдет-ғұрыптарды тез меңгертуге мұрындық болады.

Ендігі міндет студенттерді патриотизмге тәрбиелеудің бағыттарын педагогикалық жақтан негіздеу және оны жұмыс практикасына ендіру жолдарын қарастыру. Патриоттық тәрбие жұмыстары барысында Отанға сүйіспеншілік, жалпы елдің экономикалық ғылыми, моральдық-саяси, әскери қуатын арттыруға үлес қосуға дайын болу, Отанды идеологиялық, мәдени экспанциядан қорғау, қажет болса қарумен қорғауға әзірлік сенімі қалыптасады; студенттер намыс, ар-ождан, қайырым, мейірім сезімдері мен қатар Отанын мақтаныш тұту, оның жетістіктеріне сүйсіну, қиындықтарына күйіну, әрқашан елін, жерін қорғауға дайын болу, басқаша айтқанда іс-әрекетімен ұштастыруға бейімделеді. Бұлар соғыссыз, бейбітшілік замандағы патриотизм қандай болуы керек деген мәселенің шешімін анықтайды. Бейбітшілік замандағы патриотизм біздің жағдайымызда береке-бірлік, экономикалық өрлеуге үлес қосу, қазақтар үшін ұлттық мүддені қорғау, оның сақталып қалуын басты мұрат ету деп білеміз.

Тәрбиенің ірге тасының қаланатын тұсы - отбасы мен тұрмыс, сондықтан өмірде жастар арасында кездесіп жататын ана тілін ұқпау, салт-дәстүрді білмеу, үлкенді сыйламау сияқты келеңсіздіктердің пайда болуы, отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігі, ата-ананың бала тәрбиесіне мән бермеуінен дейді. Осыған орай З.Ахметова тағы да Бауыржан атаның мынадай сөзін келтіреді: «Тәрбиенің қайнар көзі  ата-ана. Олардың тыныс-тіршілігі, өмірге көзқарасы, рухани өрісі, өзара қарым-қатынасы, қысқаша айтқанда, бүкіл болмысы балаға тәрбие» - деп, ол атасының ар-ұят, намыс, имандылық секілді адамның азаматтық қасиеттері туралы ой-пікірлерін насихаттайды.

Халқымыздың дәстүрлері арқылы студенттерде патриоттық тәрбие қалыптастырудың нәтижелі болуы оқытушылардың осы бағыттағы алған этно-білімдері мен әдістемелік дайындықтарының деңгейіне тікелей байланысты. Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін студенттер тәрбиесіне пайдалануға даярлықтың төмендігі, студенттерді патриотизмге тәрбиелеуде қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін пайдалану үшін студенттерді оқу-тәрбие процессінде даярлау мақсатында жоғары оқу орындарында қалыптастыру экспериментін жүргізу қажеттігі туындайды. Қазақ этнопедагогикасында  ұлттық дәстүрлерін пайдалануға студенттердің теориялық және практикалық даярлықтарын қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарында оқытылатын әлеуметтік-гуманитарлық, жалпы кәсіби пәндер мүмкіндіктерін пайдалану арқылы арнайы курс бағдарламасын жасап, оны педагогикалық практика кезінде студенттердің теориялық білімдерімен бекіту оқушылар тәрбиесінде қазақ этнопедагогикасында ұлттық салт-дәстүрлерін пайдалана білу іскерліктерін қалыптастыру және оны өз бетінше дербес практикада пайдалануға дағдыландыру оның міндеттері болып табылады. Соның негізінде қазіргі жоғары оқу орындарына қойылып отырған талаптарға сай студенттердің оқу-тәрбие процессінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін нәтижелі пайдалана білуін қамтамасыз етуді қажет етеді.

Сонымен, студенттерге патриоттық тәрбие беруде біз әдет-ғұрып пен дәстүрлер тәрбиелік екі міндетті жүзеге асырады деп есептейміз, ол, біріншіден қоғамдағы  патриоттық тәрбиені тұрақтандырудың құралы болып есептелінеді, екінші жағынан патриоттық тәрбиені студенттердің бойында жаңғыртады, жаңа іс-әрекеттермен толықтырылады.

 

Әдебиеттер

 

1. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудiң кейбiр ғылыми  және теориялық мәселелерi. – Алматы, 1993. - 17 б.

2.Салтанова Е.С. Военно-патриотическое воспитание студентов в учебном процессе вуза (на материалах военной кафедры): автореф.... к.п.н.: 13.00.01. - Алматы, 2005. – 29 с.

3. Санабаев У.К. Воспитание патриотизма // Бастуыш мектеп. - 2003. - №4. - С. 30-31.

4. Калимолдаева А.К. Формирование патриотизма будущих специалистов в целостном педагогическом процессе вуза в современных условиях: автореф.... к.п.н.: 13.00.08. – Алматы, 2003. – 28 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Источник: http://www.rusnauka.com/3_SND_2016/Pedagogica/3_206897.doc.htm




Рекомендуем посмотреть ещё:


Закрыть ... [X]


Сценарий визитной карточки команды «Патриоты» Контент-платформа Пожелание выздоровления учительнице

Патриотты? ?н бай?ауыны? сценарий Персональный сайт - СЦЕНАРИЙ МУЗЫКАЛЬНО - ТЕМАТИЧЕСКОЙ ПРОГРАММЫ
Патриотты? ?н бай?ауыны? сценарий Азіргі заман жадайында студент жастарды патриотты сезімдерін
Патриотты? ?н бай?ауыны? сценарий Материал на тему: Сценарий Слёта патриотов скачать бесплатно
Патриотты? ?н бай?ауыны? сценарий Патриотты н кешіні сценарийі 21.04 КБ Патриотты??н кеш_.docx
Патриотты? ?н бай?ауыны? сценарий Сценарий конкурса-представления quot;Мы - ПАТРИОТЫ quot
Патриотты? ?н бай?ауыны? сценарий Минусовки / Результат поиска Патриотты0 2ндер / 1
Патриотты? ?н бай?ауыны? сценарий Скери патриотты ндер байауыны сценарийі, н кеш
Сборник сценариев "Мы - патриоты" В Израиле началось вручение юбилейных медалей «70 лет Здесь найдется все! Концерт на на Россия 1 и Первом Оригинальные сценарии выкупа невесты для